Футбол
«Қайрат» Түркияға келіп жетті
Алматының "Қайрат" футбол клубының ойыншылары Түркиядағы оқу-жаттығу жиына келіп жетті, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.
«Қайрат» клубының ойыншылары мен бапкерлері Анадолы еліне сәтті қонды. Олар Антальядағы әуежайға қонды. Сосын автобуспен Белек қаласына аттанды. Енді бүгін оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Алғашқы жолдастық кездесу 9 ақпанға жоспарланған. Құрбан Бердыев шәкірттері Босния мен Герцеговина елінің «Борац» клубымен кездеседі.
Осы жиында клубқа жаңа ойыншылар келіп қосылады деп күтілуде. Бұған дейін команданың негізгі құрамындағы бірнеше футболшы қоштасып үлгерген.