Футбол
18 жастағы теннисші Серена Уильямстің жетістігін қайталады
Америкалық теннисші Коко Гауфф "Үлкен дулыға" санатындағы "Ролан Гаррос" турнирін жеңуге жақын.
Ол Франция ашық біріншілігінің жартылай финалында жергілікті теннисші Мартина Тревизанды екі сетте жеңді ( 6:3, 6:1).
The Guardian басылымының мәліметінше, Гауфф соңғы 20 жылдағы осы турнирдің ең жас финалисі. Бұған дейін Серена Уильямс «Үлкен дулыға» санатындағы 23 кубогының алғашқысын осында жеңген.
Мишель Обама Туиттер парақшасында Гауффты құттықтады. Ол жерлесін финалда қолдайтынын айтты.
Әйелдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің финалы 4 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-де басталады. Финалда Гауфф пен польшалық, әлемнің бірінші ракеткасы Свентек кездеседі.