Футбол

Жастар құрамасы Данияға есе жіберді

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті ойынын өткізді. Бұл жолы Қайрат Нұрдәулетов шәкірттеріне Дания жастары қарсылас атанды.

Ойын Данияның Вайле қаласында өтті.

Ойын біздің футболшылар үшін сәтсіз басталды. Алаң иелері ойынның алғашқы минутында есеп ашып үлгерді. Гол авторы – Густав Исаксен. Бірінші таймның ортасына қарай Мохамед Дарамиден пас алған Маттиас Квистгаарден есепті еселей түсті – 2:0.

Матчтың соңғы минутында Дания құрамасы тағы бір гол соқты. Екінші таймда ойынға араласқан Альберт Гронбэк көзге түсті – 3:0.

Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 10 маусым күні сырт алаңда Түркиямен өткізеді.

Дания U-21 – Қазақстан U-21 – 3:0 (2:0)

Голдар: Исаксен 1, Квистгаарден 25, Гренбек 90;

Ескертулер: Еркебұлан Сейдахмет 37, Сағи Совет 61, Жалғас Жақсылықов 77

Дания U-21: Хермансен (қ) (к), Френдруп, Винтер, Сери, Карстенсен, Мадсен (Бидструп 63), Кьергор, О’Райли, Дарами (Гренбек 86), Исаксен (Йоргенсен 74), Квистгаарден (Хейлунн 63);

Қосалқы құрам: Лунн-Педерсен (қ), Росс, Вилладсен, Буннгор;

Аға бапкер: Йеспер Серенсен.

Қазақстан U-21: Устименко (қ), Совет, Жұмаханов, Жақсылықов, Скворцов (Марат 76), Бораншиев, Қасаболат, Қараман, Басманов (Үсенов 69), Сейдахмет (к) (Жұмашев 82), Свиридов (Назымханов 82);

Қосалқы құрам: Анарбеков (қ), Сатышев, Қалмырза, Ульшин;

Аға бапкер: Қайрат Нұрдәулетов.

Төрешілер: Генк Нуца, Фатлюм Бериша, Буяр Селимай (все – Косово)

04.06.2022. «Вайле» стадионы. Вайле, Дания.

Басқа жаңалықтар

Back to top button