Бокс
Аида Сатыбалдина үш жылдан кейін рингке оралады
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 5 КО) 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізеді.
Соңғы кездері рингтен гөрі пікірді көп айтатын Аида қарсылас таппай жүрген, Енді, міне, 18 маусымда Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жекке шықпақ.
Басында америкалық Элизабет Туанипен (1-7, 0 КО) кездеседі деген. Бірақ BoxRec.com сайты Аиданың Гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді.
Жекпе-жек 2 минуттан 6 раундқа жоспарланған.