Футбол

Еуро-2022: «Стандарт» әуесқой командасы үшінші орынға таласады

Шағын футболдан Словакияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Шымкенттің "Стандарт" командасы жартылай финалда сүрінді.

Олар Әзірбайжанмен кездесіп, 2:3 есебімен жеңілді. Енді жерлестеріміз Болгариямен қола жүлде үшін таласады.

Бұған дейін Қазақстан командаларынан елорданың «Есіл» командасы 2016 жылы чемпион атанған.

Әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионаты екі жыл ковидке байланысты өтпей қалды. Биыл «Стандарт»  F тобында үш ойын өткізген болатын: Грекиямен тең түсіп (2:2), Англияны жеңіп (2:1), Израильге есе жібердік (2:5). Одан кейін  Черногорияны жеңді (3:3, пен. – 4:3).

Басқа жаңалықтар

Back to top button