Бокс

Бекман Сойлыбаев мексикалық боксшыны жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО)мексикалық Томас Рохасты (52-20-1, 34 КО) жеңді.

Жекпе-жек Adal Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Ақтауда өтті.  Жерлесіміз екінші орта салмақта өнер көрсетті.

Жеңісті төрешілер бірауыздан Бекман Сойлыбаевақа берді. Осылайша, Бекман Сойлыбаев өзінің кәсіби бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Томас Рохас болса, 21-ші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Рохас екінші ең жеңіл салмақта WBC чемпионы атанған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button