Бокс
Нұрдәулетов кәсіпқойдағы бесінші жекпе-жегін қазақстандық боксшымен өткізді
Ақтаудағы кәсіпқой бокс кешінде жартылай ауыр салмақта қос қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты.
Атап айтқанда, әуесқойлар әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (4-0, 2 КО) пен Михаил Коханчик (4-0, 4 КО) жұдырықтасты. Екеуі де бұған дейін кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, бәрін жеңген. Бұл жолы өзара жекпе-жекте Нұрдәулетовтің жолы болды.
8 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін толық жағасып,Бекзат төрешілер шешімімен жеңіске жетті.