БастыБокс

Мейірім Нұрсұлтанов техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Ақтаудағы Adal Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді.

Отандасымыз аргентиналық Себастьян Орасио Папескимен (18-3, 6 КО) жұдырықтасты. Бұл осы кештің басты жекпе-жегі болды. Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынды. 10 раундқа жоспарланған кездесудің бесінші раундында Мейірім Нұрсұлтанов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сөйтіп, қазақ боксшысы  WBO International чемпионы атағын сәтті қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button