Параспорт

Қазақстандық паражүзуші әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Бұл көрсеткішпен ол Азия рекордын жаңартты.

Португалияның Фуншал қаласында өтіп жатқан паражүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуден финалда 100 м қашықтықты 1:04.09 уақытта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Бұл көрсеткішпен ол Азия рекордын жаңартты. Ал Нұрәлі Советқанов жарыста осы брасс әдісімен жүзуде 1:09.75 уақытты көрсетіп, үздік бестіктен қатарынан көрінді.

Сонымен қатар Сиязбек Далиев 50 м шалқалап жүзуден финалда 0:41.81 уақытты көрсетіп, бесінші орыннан көрінді. Ал Андрей Афанасьев 100 м баттерфляйда 01:22.18 уақытымен жетінші орынға табан тіреді.

Айта кетсек, паражүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18-і аралығында өтуде. Жарыста 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button