Футбол

Станислав Черчесов: «Алғашқы матч Қостанайда өтетіні жақсы болып тұр»

УЕФА Чемпиондар лигасының 2022/2023 жылғы маусымының алғашқы іріктеу кезеңінде Қостанайдың "Тобыл" клубы Венгрияның "Ференцварош" командасымен өткізеді. Жеребе туралы қарсылас команданың бас бапкері пікір білдірді.

Бұл клубты ресейлік маман Станислав Черчесов жаттықтырады. Ол алғашқы матчты сырт алаңда өткізгені ыңғайлы екенін айтты.

«Әзірге қарсылас көп ештеңе білмейміз. Бірақ бір анығы кезінде ЦСКА сапында ойнаған Зоран Тошич бар. Қазақстанда чемпионат қызып тұр. Сондықтан жақын арада Мирослав Ромащенко «Тобылдың» ойынын өз көзімен көріп қайтады», — деді Станислав Черчесов.

Алғаш матч 5/6 шілдеде Қостанайда қарымта кездесу 12/13 шілдеде Будапештте өтеді деп жоспарланған. Нақты күні мен уақыты кейінірек белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button