Футбол
Премьер-лиганың мамыр айындағы үздік бапкері анықталды
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мамыр айының үздік бапкерін анықтау мақсатында премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.
Бапкерлердің таңдауы бойынша «Атырау» клубының бас бапкері Константин Горовенко өткен айдың үздігі болды. «Мұнайлы» өлкенің командасы мамыр айында өткен төрт ойында 8 ұпай жинады. Горовенко шәкірттері екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуді тең аяқтады. Осы нәтиженің арқасында «Атырау» турнир кестесінің көшбасшыларының қатарында келе жатыр.