Бокс

Астанада бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында турнирдің ресми ашылу салтанаты өтіп, командалар шеруге қатысты.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Елорда кубогы» халықаралық турниріне Қазақстан боксшылары 4 құраммен шығып отыр. Сондай-ақ Куба, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан сынды елдерден де боксшылар келген.

«Дәстүрге айналатын «Елорда кубогы» әлемнің кіл мықтылары жиналатын турнирге және болашақ жұлдыздарды олимп шыңына өрлететін трамплинге айналады деп сенемін», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

«Елорда кубогы» 3 шілдеге дейін жалғасады. Жекпе-жектер күнде сағат 14:00-ден басталады.

QAZSPORT телеарнасы турнирді тікелей эфирден көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button