Бокс

Головкин Альваресті нокаутпен жеңе ала ма?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңу ықтималдығына қатысты пікірін айтты.

Тілшінің “Бұл жолы нокаутпен жеңу сіз үшін қаншалықты маңызды?” деген сауалына Головкин былай деп жауап қатты:

— Білесіз бе, мұндай деңгейде осындай қарсыласпен айқастың нәтижесін болжау қиын… Әрине, нокаут әрқашан жарқын жеңіс және таза жеңіс, бірақ оның қатысуымен өткен соңғы жекпе-жек нокауттың міндетті түрде емес екенін көрсетті.

Еске сала кетейік, Головкин — «Канело» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Екеуара бірінші кездесу 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды, ал бір жылдан кейін төрешілердің шешімімен жеңіс «Канелоға» бұйырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button