Бокс

Елорда кубогы: чемпиондыққа соңғы қадам

Елорда кубогы халықаралық турнирі шарықтау шегіне жақындап қалды.

4 шілдеде финалдық жекпе-жектер өтіп, ерлер арасында 13 чемпион, қыздар арасында 12 чемпион анықталады. Ал турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде.

Ерлер арасында Қазақстанның 54 боксшысы сынға түскен болатын. Соның 16-сы финалға жолдама алды. Арасында Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан сынды соңғы әлем чемпионатының финалистері, Асланбек Шымбергенов сынды ұлттық құрама көшбасшылары және ағайынды-егіздер Санатәлі мен Саматәлі Төлтаевтар, Айбек-Нұрбек Оралбайлар бар.

Әйелдер боксында бас бапкер Шәміл Сафиуллин сенім артқан 45 аруымыздың жетеуі бас жүлдеге таласпақ. Мұнда бәсекелестік тіптен жоғары. Елордаға Әлем мықтылары — Қытай мен Үндістан келген. Сондай-ақ, соңғы кездері көрші Өзбекстан қыздары да қарқын алған.

Біздің қыздар да барын салуда. Әсіресе, Марина Вольнованың ерлігін атап өтпеске болмайды. Одан бөлек, Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова да үстемдіктерін байқатып, финалға шықты.

Финалдық жекпе-жектер 4 шілдеде елорда уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button