Футбол

«Ақжайық» командасына жаңа бапкер тағайындалды

Оралдың "Ақжайық" клубының бас бапкері ауысты. Енді команданы 39 жастағы молдовалық бапкер Игорь Пикущак жаттықтырады.

Игорь Пикущак футболшы ретінде карьерасын Тираспольдың «Шериф» клубынан бастаған. Сондай-ақ «Тирасполь», «Академия» және «Зари» командаларында ойнаған. Одан бөлек, Қытайдың «Бэйцзин Хундэн», Ресейдің«Краснодар» және «Амкар» командаларында доп тепкен.

Бапкерлік карьерасын 2017 жылы бастаған. «Краснодардың» жастар құрамасын жаттықтырған. Сонымен қатар 2019-2020 жылдары Арменияның «Ноа» клубын баптады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button