Футбол

Қазақстан кубогы: «Қайсардың» қарқыны қатты

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі үшінші турының екінші ойын күнінде  Ақтауда жергілікті «Каспий» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады.

«Қайсар» өз тобында екі ойыннан кейін ұпай жоғалтпастан көш басында келе жатқан еді. Ал «Каспий» небәрі бір ұпаймен төртінші орынды місе тұтқан.

Бүгінгі кездесуде де қызылордалық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Адама Диалло 33, 45-минуттарда мергендік танытты. Оған «Каспий» сапынан Руан Телеш 92-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша, «Қайсар» қатарынан үш ойында жеңіске жетіп, тоғыз ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды.

«Каспий» – «Қайсар» – 1:2

Голдар: Руан Телеш 90+2 – Адама Диалло 34, 45+2 (пенальти)

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (Қ) (К) – Максим Ваганов (Әнуар Бекмырза 84), Максат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Әлішер Сүлей – Думан Нәрзилдаев, Шафик Тигруджа (Қуандық Нұрсұлтанов, 84), Еркебұлан Нұрғалиев (Алмас Арменов, 64) – Павел Киреенко (Бақдәулет Көңілімқос, 60), Аслан Әділ, Руан Телеш;

«Қайсар»: Нурымжан Салайдин (Қ) – Константин Горизанов, Әділбек Жұмаханов, Демият Сламбеков, Жоао Педро, Аян Құлмағанбетов – Максат Байжанов (К) (Амал Сейітов 76), Сергей Бондаренко, Руслан Сахалбаев (Дидар Жалмұқан, 75) – Кирилл Сидоренко (Нұрбол Әнуарбеков, 84), Адама Диалло (Артем Дылевский, 84);

Төрешілер: Кумашев Тимур (Нұр-Сұлтан), Лабашов Денис (Атырау), Павлов Александр (Алматы)

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button