Футбол

«Каспий» қатарын төрт ойыншымен толықтырды

Ақтаудың «Каспий» клубы жаңадан төрт ойыншымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz.

«Каспий» клубында да өзгеріс көп. Жаңа бас бапкер Николай Костов тактикасына сай келетін ойыншыларды жинап жатыр. Жақында команда 4 футболшымен келісімшартқа отырды.

Атап айтсақ, Еркебұлан Нұрғалиев, Думан Нәрзілдаев, украиналық Артем Барановский мен ресейлік Павел Киреенко қосылды.

Нұрғалиев былтырғы маусымда «Ақтөбе» командасында 13 матчқа қатысып, бір гол соққан. Қазақстан премьер-лигасында жалпы 118 матчта 11 мәрте мергендік танытқан. 2020 жылы «Каспийде» өнер көрсеткен. Сонымен қатар «Ақжайық», «Оқжетпес», «Алтай», «Ертіс», «Спартак» (Семей) және Болгарияның «Верея» командаларының намысын қорғаған.

Нәрзілдаев тек «Қайсар» командасында ойнаған. Қазақстан премьер-лигасында бұған дейін 230 матчқа қатысып, 18 гол соққан (21 нәтижелі пасы бар).

«Зенит» клубының түлегі Киреннко Ресей чемпионатынан бөлек, Литва, Армения біріншіліктерінде өнер көрсеткен.

Барановский былтыр «Ақжайық» командасында болды. Орталық жартылай қорғаушы оның алдында Қарағандының «Шахтерінің сапында ойнаған. Одан бөлек, Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасында

Басқа жаңалықтар

Back to top button