Футбол

Қазақстан кубогы: «Тұран» мен «Астана» тең тарқасты

Футболдан Қазақстан кубогының үшінші турында Түркістанда жергілікті "Тұран" мен елордадан келген "Астана" тең түсті.

«Астана» алдағы бейсенбіде UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Польшаның «Ракув» командасымен қарымта ойын өткізеді. Сондықтан негізгі құрам футболшыларына бейсенбіге дейін демалыс берген.

Кездесудің 47-минутында Бекзат Қабылан алаң иелерін алға шығарған еді. Бірақ 65-минутта Абат Айымбетов таразы басын теңестірді.

«Тұран» – «Астана» – 1:1

«Тұран»: Ержан Токотаев (Қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (К), Қасымжан Тайыпов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Санжар Сатанов (Рахат Үсіпханов, 86), Артём Гуренко (Алияр Мухаммед, 59) – Ален Айманов (Руслан Жанысбаев, 69), Бекзат Қабылан (Қуаныш Дүйсенбекұлы, 86), Самир Фазли;

 

«Астана»: Александр Заруцкий (Қ) (К) – Сағи Совет, Даниил Бескоровайный, Артём Рахманов (Саламат Жұмабеков, 66), Бауыржан Ахаев (Азамат Нұржанұлы, 31) – Юрий Перцух, Сұлтан Сағынаев, Олжас Әділ (Аслан Дарабаев, 58) – Станислав Басманов, Руслан Киргетов (Диас Қанаткали, 66), Абат Айымбетов;

Басқа жаңалықтар

Back to top button