Ауыр атлетика

Азия чемпионаты: ауыр атлеттеріміздің қорытынды есептегі орны анықталды

87 келі салмақ өкілі Айсамал турнирде екінші орыннан көрінді.

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.

87 келі салмақ өкілі Айсамал Сансызбаева турнирде екінші орыннан көрінді.

2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Айсамал Сансызбаева екі сында да күміске қол жеткізді. Тиісінше қоссайыс қорытындысы бойынша екінші орын алды.

Азия чемпионатын қорытындыласақ, 17 жасқа дейінгі ауыр атлеттеріміз жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button