Қазақстан кубогы: «Шахтер» өз тобында көш бастады
Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі төртінші турының екінші ойын күні өтті.
D тобында Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісуын» 4:2 есебімен тізе бүктірді.
Есепті 24-минутта Тоқтар Жаңғылышбай ашты. Ал 37-минутта Нұрберген Нұрбол пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Бес минуттан кейін жақында «Ақжайықтан» ауысып келген Мирам Сапанов «кеншілерді» тағы алға шығарды. «Жетісу» ойыншылары да қайтпады. Екінші таймның басында есепті 2:2-ге жеткізген. Бірақ одан әріге шамалары жетпеді. Алаң иелері қатарынан екі гол соғып, үш ұпай еншіледі.
«Шахтёр» – «Жетісу» – 4:2
«Шахтёр»: Игорь Трофимец (қ) – Джордже Чосич, Александр Позняк, Мирам Сапанов, Темур Мустафин – Роджер Каньяс, Эдин Рустемович, Фархат Мұсабеков, Евгений Кобзарь – Роман Мұртазаев (к), Тоқтар Жаңғылышбай;
«Жетісу»: Андрей Шабанов (қ) – Асхат Балтабеков (к), Михаил Мищенко, Иван Погребняк, Тимур Жакупов – Иван Брикнер, Әліби Тұзақбаев, Равиль Атыханов, Нұрберген Нұрбол – Еркебұлан Амангелді, Сергей Гридин;