Футбол
Тоқаев Қазақстан футболшыларын құттықтады
Президент Қазақстан футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады.
«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.
Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.