Футбол
Бундеслигада плей-офф кезеңі пайда болуы мүмкін
Неміс футбол лигасының (DFL) жаңа атқарушы директоры Доната Хопфен Бундеслиганың құрылымын өзгертуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Қазақ спорты».
Sport1 мәліметінше, ол солтүстікамерикандық спорттық лигаларды мысал ретінде қарастыра отырып плей-офф кезеңін енгізуді көздейді.
Хопфен бұл нұсқа бәсекені арттыруға көмектессе, онда плей-офф енгізу мәселесін талқылап көру керектігін алға тартады.
«Бавария» мен «Боруссиия» Дортмунд бұл ұсынысқа оң қарап отыр, дегенмен «Байер», «Арминия», «Герта», «Унион Берлин» секілді клубтар бұған түбегейлі қарсы.
Ұйым мәлімдемесінде DFL-дің ашық диалогқа дайын екені және алдағы айларда клубтармен бұл мәселе талқыланатыны айтылған.