Бокс

Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығатын күн белгілі

Айқас 5 қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өтеді.

Universum Boxing промоутерлік компаниясы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен Германия өкілі Хусейн Мұхамед (17-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек уақытын ресми түрде жариялады.

Айқас 5 қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өтеді.

«Жан Кособуцкий өзіне тиесілі WBC International титулын қорғайды. Бұл Кличкодан кейінгі Германияда өтетін ауыр салмақтағы ең ірі жекпе-жек», – делінген промоушеннің Instagram-дағы парақшасында.

Жан Кособуцкий бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін мамырдың 21-інен 22-сіне қараған түні Гамбургте (Германия) өткізіп, француз Жоан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button