Бокс

Жәнібек Әлімханұлы неге сылбыр бокстасты. Бапкер жауабы

Америкалық бапкер Бадди Макгирт қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткен жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

13 қараша Лас-Вегаста өткен бокс кешінде 29 жастағы қазақстандық боксшы алғаш рет орта салмақтағы WBO белбеуін қорғаған болатын.

«Жақсы сабақ алдық. Бес рет қатарынан нокаутпен жеңгенде, кез келген қарсыласты сұлатам деп ойлай бастайсың. Ол тек бір соққымен құлатудың сәтін күтті, кейін өзіне келді.

Ол әлем чемпионы, Әлімханұлы – орта салмақтағы ең мықты боксшы. Ол жасау керегін жасады – титулын қорғап қалды», – дейді бапкер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button