Өзбектерге футболдан да есе жібердік
Боксшыларымыз Азия чемпионатында өзбек жігіттеріне есе жіберсе, осы жолы футболшыларымыз жолдастық кездесуде ұтылды.
Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды.
Бірінші кезеңнің 12-минутында өзбекстандық Хокимат Эркинов есеп ашса, 45-минутта Эльдор Шомуродов басымдықты арттырды.
Екінші кезеңде қазақстандық құрамадан Аслан Дарабаевты Бактиёр Зайнутдинов алмастырды. Бұдан кейін қос құраманың да гол соғатын мүмкіндігі болды. Ойынның 61-минутында қазақстандық Эльхан Астанов тепкен допты өзбек қақпашысы Өткір Эсупов қайтарып үлгерді.
нді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі.
Айта кетейік, Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген капитандықты тапсырды.
Өзбекстан – Қазақстан – 2:0
Голдар: Хожимат Эркинов 12, Эльдор Шомуродов 45
Өзбекстан: Уткир Юсупов (Қ) – Хусниддин Аликулов, Умарбек Эшмуродов, Рустам Ашурматов, Дильшод Саитов (Сардор Собирхуджаев, 69), Фаррух Сайфиев – Одил Хамробеков, Отабек Шукуров, Азиз Тургунбоев (Остон Урунов 69), Хожимат Эркинов (Шерзод Насруллаев, 69) – Эльдор Шомуродов;
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Тимур Досмағамбетов (Дмитрий Шомко, 72), Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров, 72) – Эльхан Астанов, Аслан Дарабаев (Бактиёр Зайнутдинов, 46), Асхат Тағыберген (К), Рамазан Оразов (Бауыржан Исламхан, 68) – Абат Айымбетов (Айбар Жақсылықов, 72);