Футбол
АҚШ және Уэльс құрамалары тең түсті
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы АҚШ пен Уэльс құрамалары тең түсті.
Есепті 36-минутта АҚШ сапынан Тимоти Веа ашты. Оған нәтижелі пасты “Челси” жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич шығарып берді.
Тиомоти Веа — Либерия Президенті, атақты футболшы, 1995 жылғы “Алтын доп” иегері Джордж Веаның ұлы.
Екінші кезеңде АҚШ қарқынын бәсеңдеткен. Мұны Уэльс тиімді пайдаланды. Капитан Гарет Бэйл өзі белсеніп, таразы басын теңестірді.
Қорытынды есеп — 1:1.
2 қарашада С тобында Аргентина — Сауд Арабиясы, Мексика — Польша, D тобындағы Дания — Тунис, Франция — Австралия құрамалары кездеседі.