Футбол
«Қайрат» Өзбекстанның ортаңқол командасына есе жіберді
Алматының "Қайрат" клубы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның "Навбахор" клубымен жолықты.
Бұл ойында Құрбан Бердыев командада қалған мықтылардың бәрін шығарды. Бірақ Өзбекстанның ортанқол командасын жеңе алмады.Наманган қаласының клубы 78-минутта есеп ашып, матч соңына дейін сақтап қалды.
«Қайрат» – «Навбахор» (Наманган, Өзбекстан) – 0:1
Гол: Зоран Марушич 78
«Қайрат»: Данил Устименко. Лев Кургин, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Сұлтанбек Астанов, Антон Крачковский, Яцек Гуральский, Данияр :сенов, Жасур Жалолиддинов, Гүлжігіт Әліқұлов, Хосе Канте
«Навбахор» былтыр Өзбекстан суперлигасында 29 матчта 39 ұпай жинап, алтыншы орын алған.
Құрбан Бердыев шәкірттері 15 ақпанда Киевтің «Динамо» клубымен жолығады.