БастыБокс

Азия чемпионатында жүлдегер болған боксшылар марапатталды

29 қарашада Алматы қаласында дәстүр бойынша бокстан Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі мен баспасөз мәслихаты өтті.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан барлық жүлдегерге қаржылай сыйақының сертификаты мен iPhone PRO телефонын тапсырды.

Сондай-ақ ортақ нәтижеге зор үлес қосқан команданың өзге мүшелері – бапкерлер қосыны, жеке бапкерлер мен ғылыми кешеннің қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Олардың жалпы саны 50 адам. Жалпы іс-шараға ҚБФ президенті Кеңес Рақышев пен федерация жетекшілері қатысты.


Сары құрлық бəсекесінің жеңімпаздары ҚБФ президентінен 5 миллион теңгеден алды;
Алуа Балқыбекова (48 келі),
Жайна Шекербекова (54 келі)
Карина Ибрагимова (57келі),
Санжар Ташкенбай (48 келі),
Асланбек Шымбергенов (71 келі),
Айбек Оралбай (-92 келі).

Күміс жүлдегерлерге 2 миллион теңгеден берілді;
Гүлсая Ержан (81 кг),
Сəкен Бибосынов (51 келі),
Махмұд Сабырхан (54 келі),
Серік Теміржанов (57 келі),
Дулат Бекбауов (67 келі),
Нұрқанат Райыс (75 келі),
Қамшыбек Қоңқабаев (+92келі).

Ал қола медаль иегерлеріне 1 миллион теңгеден табысталды;
Назым Қызайбай (50 келі),
Жазира Орақбаева (52 келі),
Мадина Нұршаева (66 келі),
Дариға Шəкімова (70 келі),
Лəззат Күнгейбаева (+81 келі),
Саматəлі Төлтаев (60 келі),
Нұрбек Оралбай (80 келі),
Сағындык Тоғамбай (86 келі).

Сондай-ақ Қайрат Сəтжанов пен Шəміл Сафиуллин бастаған бапкерлер қосыны 1,5 миллион теңгеден алса, боксшылардың жеке бапкерлері мен өзге қызметкерлерге 1 миллион теңгеден берілді.
«Бүгін біз дәстүрге айналған марапаттау рəсімін тағы қайталамауға тырыстық. Мен Аммандағы финалдарды аренадан көрдім. Жекпе-жектерді тамашалап отырып «шешуші сəтте біздің боксшыларға не жетпей жатады?», деп ойландым. Шыны керек, алтын медаль үшін таласта жерлестеріміздің сүрініп жататыны жасырын емес. Боксшылардың психологиясын шыңдап, өзіне деген сенімін арттыру мақсатында Мəскеуден арнайы танымал коуч, мотиватор Радислав Гандапасты шақырдым. Біз спортшылармен бірлесіп жұмыс істей береміз. Келер жылы бізді Өзбекстандағы Əлем чемпионаты мен Қытай қабылдайтын Азия ойындары күтіп тұр», — деді Кеңес Хамитұлы.


Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) 2023 жылғы Ташкенттегіәлем чемпионатында жеңімпаздар 200 мың АҚШ долларын алатынын хабарлап үлгерді. Марапаттау рəсімі кезінде Кеңес Рақышев IBA сыйақысынан бөлек, топ жарған Ұлттық құрама боксшыларына өз есебінен 100 мың АҚШ долларынан беретінін мəлімдеді.

Мотивация тақырыбына қайта оралсақ, «Заяви о себе» практикумының авторы Радислав Гандапастың бағдарламасы боксшыларға ерекше əсер етті. Тараптар бұл мотиватор мен боксшылардың соңғы кездесуі емес екенін мəлімдеді. ҚБФ президентінің бұл əрекетінің бəрі біздің спортшыларға пайдасын тигізері сөзсіз.
Марапаттау рəсімінен соң боксшыларды Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы ел чемпионаты күтіп тұр. Аммандағы құрлық бəсекесі кеш ұйымдастырылғандықтан Қазақстан біріншілігіне Азия чемпионатының жүлдегерлері қатыспайды. Павлодарда тек негізгі құрам сапындағы Санатəлі Төлтаев олимпиада бағдарламасына кіретін 63,5 келіде жұдырықтасады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button