Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Ел намысын 13 зілтемірші қорғайды
Бүгін Колумбия астанасы Боготада ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды.
Желтоқсанның 16-сына дейін 93 мемлекеттен келген 550-ге тарта таңдаулы зілтемірші 20 салмақта (ерлер 10, әйелдер 10) күш сынасады. Мұнда Париж Олимпиадасына берілер жолдамалар сарапқа салынатындықтан, мықтылардың бәрі өз шеберліктерін паш етеді. Латын Америкасындағы додада Ресей мен Беларусь споршылары бақ сынамайды. Әуелде бұл чемпионат Қытайдың Чунцин қаласында өтуі керек болғанымен, пандемияға байланысты аталған жоспар өзгерді.
Қазақстан биыл бәсекеге 13 спортшы (9 еркек, 4 әйел) аттандырды.
Назарларыңызға спортшыларымыздың өнер көрсететін уақытын ұсынамыз (Астана уақыты бойынша):
7 желтоқсан, 06:00-де – 55 келіге дейін (А тобы) Арли Чонтей;
10 желтоқсан, 01:00-де – 73 келіге дейін (В тобы) Алексей Чуркин, сағат 3:30-да – 67 келіге дейін (А тобы) Анатолий Савельев;
12 желтоқсан, сағат 1:00-де – 89 келіге дейін (В тобы) Асылжан Бектай, Денис Уланов; сағат 3:30-да – 81 келіге дейін (А тобы) Еламан Сейітқазы;
13 желтоқсан, сағат 1:00-де – 96 келіге дейін (В тобы) Әлішер Сейітқазы; сағат 03:30-да – 96 келігедейін (А тобы) Нұрғиса Әділетұлы;
14 желтоқсан, сағат 01:00-де – 76 келіге дейін (В тобы) Арай Нұрлыбекова; 06:00-де – 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов;
14 желтоқсан, сағат 22.30-да – 81 келіге дейін (С тобы) Айша Омарова;
Сағат 22:30-да – 87 келіге дейін (В тобы) Айым Есжанова;
15 желтоқсан, сағат 22:30-да – 87+ келі (В тобы) Любовь Ковальчук:
Әлем ауыр атлеттерінің бәсекесін «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде (сайтынан) көре аласыздар.