Футбол

“Қайсар” жаттығу жиындарын бастады

Келер жылы Премьер-Лигада өнер көрсететін қызылордалық "Қайсар" футбол клубы жаңа маусымға дайындыққа кірісіп, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Алғашқы оқу-жаттығу жиынына 22 футболшы қатысады. Оның ішінде 11 спортшы қызылордалық клуб тәрбиеленушісі, төртеуі отандық футболшы болса, жетеуі легионер.

Оқу-жаттығу жиынына қатысатын спортшылар қатарында өткен маусымда команда сапында өнер көрсеткен Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов, Елжас Сарбай, Абылайхан Төлегенов, Жоау Педро Оливейра, Мағжан Бауыржан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Руслан Сахалбаев, Өркен Махан, Дидар Жалмұқан, Кирилл Сидоренко, Мамаду Диалло, Елисей Горшунов, Констанстин Горизанов секілді ойыншылар бар.

Түркиядағы бірінші оқу-жаттығу кезінде команда 2 жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button