Футбол

IFFHS ұйымы Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Аргентина құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы деп таныды.

Месси дауыс берудің қорытындысы бойынша 275 ұпай жинады. Ол «ПСЖ» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден әлдеқайда алға кетті. Мбаппенің есебінде 35 ұпай ғана бар. «Реал» мен Франция құрамасының тағы бір шабуылшысы Карим Бензема (30 ұпай) үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы, хорватиялық Лука Модрич (15) пен «Манчестер Ситидің» шабуылшысы, норвегиялық Эрлинг Холанд (5) ТОП-5-ке енді.

Лионель Месси әлем чемпионатынан кейін өзінің клубы «ПСЖ» командасына қайта оралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button