Футбол
Қақпашы Алмат Бекбаев 38 жасында карьерасын аяқтады
Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев 38 жасында спорттық мансабын аяқтады.
«22 жыл ғұмырымды футболға арнады. Жеңісті сәттер, жеңілістер бәрі болды. Қолымнан келгеннің бәрін жасады. Бірнеше рет ота да істедік. Мұрын да сынды. Жарақатта да жетерлік. 15 жасымда осы спортқа келдім. Футболда мұншалықты ұзақ жүремін деп ойламаппым», — дейді Алмат Бекбаев.
Бекбаевтың соңғы командасы»Мақтаарал» болды. Оның алдында «Қызыл-Жар», «Жетісу», «Ертіс», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақжайық», «Қайсар» командаларында ойнаған. Тіпті, Өзбекстанның «Әндіжан» командасында да өнер көрсеткен. «Ордабасы» сапында ел кубогын ұтып, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған.