Футбол
«Оле Бразил» түлегі «Ақсуға» ауысады
«Оле Бразил» жобасының түлегі, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев карьерасын «Ақсуда» жалғастырады.
25 жастағы футболшы бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» клубында қаралымда болған. Бірақ ол жақтағы орталық алаңдағы бәсекелестіктің жоғары екенін байқап, «Ақсуға» ауысуға шешім қабылдады. Бүгін ол жаңа командасы сапында «Динамо-Батуимимен» ойынға қатысты.
Васильев Қазақстанда бұған дейін «Тобыл» мен «Шахтер» клубтарында өнер көрсеткен. Беларусь елінде «Энергетик-БГУ», «Динамо-Брест» және «Рух» командаларының намысын қорғады. Брест клубында чемпион атанды. Сосын Өзбекстанның «Әндіжан» командасында доп тепкен.