Бокс

Странджа кубогы: Қазақстаннан құрамасының тізімі анықталды

Бүгін Болгария астанасы София қаласында бокстан Странджа кубогы басталады.

Аталған жарыста қазақстандық 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Бекзад Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды тәжірибелі спортшылар бар.

Қазақстан құрамасының аталған турнирге қатысатын толық тізімі:

Ернұр Қайрат (48 келі)

Кенже Мұратұлы (51 келі)

Бекзат Алдамжаров (54 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Ерасыл Таңқай (60 келі)

Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі)

Темірхан Тезек (67 келі)

Асланбек Шымбергенов (71 келі)

Нұрқанат Райыс (75 келі)

Бекзад Нұрдәулетов (80 келі)

Бекзат Таңатаров (86 келі)

Абзал Құттыбеков (92 келі)

Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button