Ауыр атлетика

Игорь Сонға берілген ақша мен пәтер қайтарылмайды

Мәдениет және спорт министрлігі 8 жылға спорттан шеттетілген Игорь Сон Олимпиадасынан жүлдесінен айырылмайтынын мәлім етті.

WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді.  Нәтижесінде, WADA ережелері бойынша спортшыға 8 жылдық дисквалификацияны тағайындау туралы шешім қабылданды, ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады, — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, 2020 жылы Токио олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button