Футбол

«Қайсарға» африкалық футболшы келді

Қызылорданың «Қайсар» командасы Гвинея-Бисау құрамасының 26 жастағы ойыншысы Проспера Мендимен келісімшартқа отырды.

Африкалық футболшы кәсіби мансабының басым бөлігін Еуропа клубтарында өткізді. Бұған дейін Францияның «Монфермайл», Норвегияның «Стремсгодсет», Бельгияның «Виртон» және Болгарияның «Спартак Варна» клубтарында доп тепті.

Айта кетсек, бұған дейін команда басшылығы қақпашылар – Нұрымжан Салайдин, қорғаушылар – Абылайхан Төлегенов пен бразилиялық Жоао Педро де Оливейра, жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан, Руслан Сақалбаев және Мағжан Бауыржанмен келісімшартқа қол қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button