Магомод Адиев: Жанкүйерлер күтетіндей ойын көрсетеміз
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Даниямен матч алдында тілшілердің сауалына жауап берді.
– Алғашқы ойындағы ұпай жоғалтудан кейін ойыншылардың психологиялық жағдайы қалай? Оның үстіне ертеңгі ойында жеңіске жету керек.
– Жеңіс ертеңгі ойында ғана емес, барлық кездесулерде болуы тиіс. Өкінішке орай, өткен ойында бізде оң нәтиже болмады. Он ұпайдан жоғары немесе одан төмен ұпай жинаймыз деген жоспарымыз жоқ. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Біздің міндетіміз – келесі ойында, кіммен және қайда ойнасақ та, бәсекеге қабілетті болу. Мен үшін ең бастысы – менің жігіттерімнің дайындығы мен зейіні, әр ойында жеңіске деген ұмтылыстары.
– Жарақат алған Быстров, Қуат және Айымбетовтың жағдайлары қалай?
– Бірінші ойыннан кейін құраманың біршама ойыншысы жарақат алды. Быстровтың ойнауы екі талай, дәрігерлер Маратпен әлі де болса жұмыс істеп жатыр. Малый, Айымбетов және Габышевта кішігірім жарақат бар. Ал Қуат болса өкінішке орай Данияға қарсы ойнай алмайды. Дегенмен, Қуат секілді сақа ойыншылар алаңға шықпағанымен, киім ауыстыру бөлмесінде де маңызды рөл атқарады.