Футбол

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына мүше клубтардың шешімімен Рафаэль Гарибян ҚКФЛ президенті қызметіне сайланды. 

Рафаэль Эдуардович Алматыда дүниеге келді. Ол — «Цесна» түлегі, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында ойнаған, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы Лондонда алған «спорттық менеджмент және бизнес футбол» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие. Рафаэль Эдуардович менеджерлік мансабын «Цесна» клубында бастады.

Аталмыш клубта балалар мен жасөспірімдер футболының коммерциялық стратегиясын жүзеге асырды. Сонымен қатар «Қайрат» футбол клубында маркетинг және стратегиялық даму жөніндегі директор лауазымында жұмыс тәжірибесі бар.

Сондай-ақ «Қайрат» ФК спорт директоры, «Қайрат-Мәскеу» ФК басшысы және «Шахтер» ФК-да әкімшілік қызметте қызмет атқарды. Қазақстандық футболдың жаңа стратегиясын әзірлеу жобасын әзірлеуге атсалысты.

Соңғы уақытта Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін ҚКФЛ президенті қызметін атқарған Рохус Шох бүгіннен бастап ҚКФЛ президентінің кеңесшісі қызметіне ауысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button