Футбол
ҚПЛ клубы жаттығуларға бойкот жарияламақ
Павлодардың "Ақсу" футбол клубының футболшылары жаттығуларға бойкот жариялап, ҚПЛ матчына шығудан бас тартпақ.
Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграм-каналына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, бұған клубтың футболшылардың алдындағы қарызы себеп.
Қолда бар дерекке қарағанда, футболшылар алдындағы қарызға байланысты «Аксу» клубының ойыншылары сәрсенбі күннен бастап жаттығуларға бойкот жарияламақ. Егер клуб басшылығы қарызды 15 қыркүйекке дейін төлемесе, онда команда чемпионаттың күнтізбелік ойынына қатыспайды, — делінген.
Дәл қазір «Ақсу» турнирлік кестеде соңғы орында келеді. Павлодарлықтардың еншісінде 15 ұпай бар.