Футбол

Қазақстандық жартылай қорғаушысы Еуропа клубына ауысты

Қазақстан құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Александр Зуев Сербияның Нови-Белград қаласының ИМТ клубымен келісімшартқа отырды.

Александр Зуев 1996 жылғы 26 маусымда Қостанайда туған. «Тобыл» футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Карьерасында «Спартак», «Ростов», «Рубин» мен «Химки» клубтарында ойнаған.

Өткен маусымды Самараның «Крылья Советов» клубында өткізген. Енді ол ИМТ-да 10-нөмірмен ойнайды.

Нови-Белград қаласының клубы осы маусымнан бастап Сербия Суперлигасында өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button