Қазақстан бокс федерациясы таратқан мәлімет бойынша, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысатын халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынайды. Бәсеке 17 наурызға дейін жалғасады.
Belgrade winner турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылкулов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердинов
+91 келі: Олжас Боқаев.
Жаттықтырушылар: Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов.
Бүгін кешке шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шығады:
Ерасыл Таңқай – Нарек Хоранисян (Армения)
Сабыржан Аққалықов – Антонио Биссет (Сербия)
Темірлан Мұқатаев🇰🇿 – Шарабутдин Атаев (Ресей).