Саламатты ҚазақстанСұхбат

Асылжан ЖАМАНҚҰЛ, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: Өңірімізде 5 мыңнан аса бала спорттық секциялармен қамтылады

Жақында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл міндетті енді Асылжан Жаманқұл атқарады. Асылжан Зұлфқарұлы газетімізге өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы айтты.

– Жақында ғана жаңа қызметке кірістіңіз. Ісіңіз өнімді болсын! Алдағы уақытқа жоспар да құрып үлгерген шығарсыздар. Дегенмен алдымен өткен жылды қорытындылап алсақ.
– Құттықтауларыңызға рақмет. Өңірде 280 432 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданып, облыс тұрғындарының 34,0 пайызын құрады (2020 жылы 31,3%). 138 елді мекендегі 282 спорт нұсқаушының бақылауымен 42 мың өңір тұрғындары дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылданады.
2021 жылы 1322 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 123 367 адам қатысты.
Оның ішінде 13 Қазақстан чемпионаты мен кубоктары, 29 респуб­ликалық, 3 халықаралық турнир, 111 облыстық біріншілік өткізілді.
Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша 2021 жылдың қорытындысымен 40,8 пайызға жеткізілді (2020 жылы 37,5%).
2020-2021 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланды. Өткен 2020 жылы 5 жоба (Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданы, Қазалы
ауданы Әйтеке би кенті, Жаңақорған ауданы Сунақата мен Қожакент а/о спорт кешені мен Жаңақорған кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу), 2021 жылы 6 жоба (Жаңақорған ауданы Төменарық, Қандөз, Әбдіғаппар, Жаңарық, Бірлік а/о және Шиелі ауданы Керделі а/о спорт кешенін жалға алу спорт кешенін жалға алу) іске қосылып, жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Алдағы уақытта қалған бір жобаны іске асыру жұмыстары жалғасын табатын болады.
– Спортшылардың жетістіктері жайлы да айтып өтсеңіз….
– Спортшыларымыз ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 1037 (330 алтын, 297 күміс, 410 қола) медаль жеңіп алса, әлем және Азия чемпионаттарында 123 (48 алтын, 26 күміс, 49 қола) медальге қол жеткізді.
Жыл көлемінде 3 ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 83 ҚР спорт шебері, 497 ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 93 І cпорттық разрядты спортшы дайындалды.
– Тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына қандай жағдай жасалған?
– 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын облыс тұрғындарының саны 280 432 адамға жетіп, 34 пайызды құрап отыр. Биыл осы көрсеткішті 38 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Ол үшін дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткішінің бірі – «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша 2021 жылдың қорытындысымен 40,8 пайызға жеткізілді, алдағы міндет осы көрсеткішті 2022 жылы 42,0 пайызға жеткізу.
Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында 2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 спорт кешенінің (Арал ауданы Қамыстыбас және Аманөткел ауылдары, Қазалы ауданы Пірімов ауылы, Қармақшы ауданы, Жосалы және Жалағаш ауданы, Жалағаш кенттері) құрылыс жұмыстары басталды. Аталған спорт кешендері 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласы Ақмешіт мөлтек ауданынан «NAMAN ATA» спорт кешені бой көтерсе, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінен жүзу бассейні және Аққұм мен Бұқарбай батыр ауылдарындағы спорт кешендері спорттық секциялармен қамтылып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар «Самұрық» корпоративтік қорының демеушілігімен Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылдық округінен көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын салу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис корты және байдарка және каноэ есу базасының құрылыстары аяқталды.
– Өңірде балалар спорты кенде қалып жатқан жоқ па екен?
– Сыр бойында балалар спортына да баса мән беріліп келеді. Осы мақсатта спорттық секциялар желісін барынша дамыту қолға алынған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қолға алынған жан басына қаржыландырудың мемлекеттік спорттық тапсырыс жобасына 2021 жылға 212,7 млн теңге қаражат бөлініп, 2324 бала спорттық секция­лармен қамтылған болатын.
Осы жобаға 2022 жылы бөлінетін қаражат 638 млн теңгеге көбейіп, биыл 5 мыңнан аса баланы өздері таңдаған спорт түрлері бойынша спорттық секциялармен қамту жоспарлануда.
Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылы республикалық, халықаралық деңгейде 70-ке жуық іс-шара, облыстық деңгейде 130-дан аса іс-шара өткізу жоспарлануда.
Спорт түрлерінен әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі) дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету және барынша жүлделі орындар алуына жағдай жасау үшін еңбек ететін боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button