QJ League балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады
Бүгін, 10 желтоқсанда, QJ League жасөпірімдер футбол лигасының өкілдері Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар үйіне барып, жергілікті тәрбиеленушілерге көмек қолын созды.
Қараша айында өткен QJ League екінші маусымының жабылу салтанатында лига қайырымдылық аукционын өткізіп, нәтижесінде балалар үйін керек-жарақпен қамтамасыз етеміз деп уәде еткен болатын. Лига қызметкерелері өз сөздерінде тұрды.
Балалар үйіне жаңа кереуеттер, дивандар, электр плиталары мен компьютер сатып алынды. Отбасылық типтегі ауылда барлығы 42 бала тұрады, олардың жайлылығы лиганың қайырымдылығының арқасында айтарлықтай жақсарады десек артық айтқанымыз емес.
Сонымен қатар, «Жанұя» тәрбиеленушілері үшін «Тобыл» манежінде мастер-класс ұйымдастырылды. Оған лиганың су жаңа амбассадоры, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Роман Асранқұлов, сондай-ақ қостанайлық клубтың жас ойыншылары қатысты. Қатысушылар арасынан осы маусымда QJ League жасөспіріпдер футбол лигасында өнер көрсеткен футболшылар Иван Пивоваров пен Евгений Коняшкин. ерекше атап өтсек болады. Олар Олар балалармен футбол ойнады және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Балалардың әрқайсысына естелік сыйлықтар табысталды: «Қостанай» деген жазуы бар QJ League лиганың арнайы фирмалық футболкасы, сондай-ақ спорттық киім және тәттілер.
Айта кету керек, бұл QJ League жасөспірімдер футбол лигасының қайырымдылық мақсатында жасаған алғашқы шаралары емес. Былтыр Қарағандыдағы балалар үйіне көмектессе, биыл су тасқынынан зардап шекендерге 5.5 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Бұл қайырымдылыққа жанкүйерлер үлес қосты: маусымның бірінші немесе екінші турындағы матчқа қатысқан әрбір көрермен билеттер сатылымынан түсетін соманы 100 теңгеге арттырды.
Лига қызметкерлерінің айтуынша, олар Қостанайда өткен қайырымдылық шарасымен тоқталмайды. Алда әлі де үлукен жоболармен көпшілікті қуантуға дайын.