
Баку (Әзірбайжан) қаласында өткен беделді Grand Slam халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста жалғыз медальға қол жеткізді.
Жалғыз жүлдені +100 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қажыбаев алып, қола медаль иегері атанды.
Ислам Тоқтасын (73 келі), Мейіржан Жұмабек (81 келі) және Ислам Бозбаев (100 келі) Бакудегі турнирде жетінші орынға ие болды.