Теннис
Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымына шықты
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты.

Екінші кезеңде ол әлемнің 62-ші ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимаға қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Рыбакина алты эйс жасап, екі қос қате жіберді және төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Енді Елена әлемнің оныншы ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.