Шымкентте теңге ілуден федерация кубогы өтті
2026 жылғы 3-5 қараша күндері Шымкент қаласында ұлттық ат спортының маңызды жарыстарының бірі – Теңге ілуден Федерация Кубогы өтті. Үш күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің 12 облысынан 50 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс барысында қатысушылар теңге ілу спортының «Алтын тұяқ», «Бес белес» және «Қос құлаш» стильдері бойынша бақ сынады. Спортшылар жоғары дайындықтарын, ат үстіндегі шеберліктерін, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетіп, тартысты бәсекеге түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша әр стильдің үздік спортшылары анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
«Алтын тұяқ» стилі бойынша:
- І орын – Жұмаш Мейіржан
- ІІ орын – Нұрәлі Ерсін
- ІІІ орын – Бақтыбай Қанат
«Бес белес» стилі бойынша:
- І орын – Төлтай Бақыт
- ІІ орын – Бақтыбай Саят
- ІІІ орын – Түлкібай Азат
«Қос құлаш» стилі бойынша:
- І орын – Серіков Бекнұр
- ІІ орын – Амангелді Ұлағат
- ІІІ орын – Жасұзақ Ернар
Федерация Кубогы ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды жарыстардың бірі болды.
Теңге ілу федерациясы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсетіп, ұлттық спорттың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Sport Qory» қорына шынайы алғысын білдіреді.
Сонымен қатар, жарыстың өткізілуіне қолдау көрсеткен AlemAgro компаниясына, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға және барлық серіктестерге ризашылығын жеткізеді.
Аталған жарыстың бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктестері – «Sport Qory» қоры мен AlemAgro компаниясы.



