БастыБокс

Назым Қызайбай «Кіші әлем чемпионатының» жартылай финалына өтті

Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирінің кезекті жарыс күнінде қазақстандық бес боксшы қыз жеңіске жетті.

Ширек финалдық кездесулерден алдымен екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай рингке шықты. Ол 50 келі салмақта испаниялық Лаура Фернандес Фуэртесті жеңді. Үш раундтың қорытындысы Қытайбай жеңіске жетті. Енді ол кемі қола медальға қол жеткізіп отыр.

Ал 54 келідегі Балауса Мұздиман болгариялық Станимир Петровадан жеңілді. Дәл осы салмақтағы 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан италиялық боксшыны ұтса, 57 келідегі Карина Ибрагимова финлияндық спортшыны жарыс жолынан шығарды.

60 келідегі Римма Волосенко грекиялық қарсыласын жеңсе, осы салмақтағы Айдана Забынбекова ирландиялық боксшыға есе жіберді.

66 келідегі Мадина Нұрашева ресейлік Саадат Далгатовадан ұтылса, Дариға Шәкімова алжирлік қарсыласынан басым түсті.

75 келідегі Надежда Рябец ресейлік Елена Гапешинаны 3:2 есебімен жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button