Жеңіл атлетика

Жеңіл атлеттер жүлдемен оралды

Жерлестеріміз қатарынан екі рет ірі халықаралық жарыстан олжалы оралды.

Бішкекте өткен байрақты бәсекеде желаяқ Андрей Лаврушенко 100 метрге жүгіруде 10,83 секунд нәтиже көрсетіп чемпион атанса, Артур Гафнер найза лақтырудан алдына жан салмады. Гафнер ядро лақтырудан да жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол ол ма, Гафнер нағыз бабында екенін дәлелдеді. Бішкектегі турнирден соң іле-шала Алматыда 14 елдің мықтылары бас қосты. Даңқты жерлесіміз Ғұсман Қосановтың мемориалында Гафнер, Алексей Хлыстов, Анастасия Рыпакова, Елизавета Матвеева, Адрей Соколов жүлденің біразын иеленді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Қазақ спорты» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы
меншікті тілшісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button