Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика. Әлем чемпионатында екінші медаль бұйырмады

Жеңіл атлетикадан Юджинде (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Каролин Чепкоеч Кипкируи 5000 метрге жүгіруден үздіктер қатарына ене алмады.

Қазақстан азаматтығын алған кениялық спортшы іріктеу кезеңдерінде екінші орын алған. Бірақ финалда тек жетінші орыннан көрінді. Уақыт көрсеткіші  – 14:52.54.

Бұл сында эфиопиялық Гудаф Цегай топ жарды – 14:46:29.

Каролин Чепкоеч Кипкируи осының алдында 10 000 метрге жүгіруден мәреге жетінші келген..

Айта кетейік, бұған дейін 21 шілдеде Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алтын алған (8:53.02).

Басқа жаңалықтар

Back to top button