Жеңіл атлетика

Надежда Дубовицкая «Гауһар лиганың» финалында төртінші орын алды

Швейцарияның Цюрих қаласында жеңіл атлетикадан "Гауһар лиганың" финалдық кезеңі өтті

Қазақстан атынан қатысқан биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая төртінші орынды қанағат тұтты.  Жерлесіміздің ең үздік нәтижесі 1,91 метр. Бұл сайыста әлемдегі үздіктердің бірі украиналық Ярослава Могучих жеңіске жетті. Екінші орында оның отандасы Ирина Геращенкоға бұйырды. Үздік үштікте аустралиялық Никола Олислагерс  бар.

Жеңіл атлетика. «Гауһар лига», финал. Биіктікке секіру:

  1. Ярослава Могучих (Украина) – 2,03
  2. Ирина Геращенко (Украина) – 1,94
  3. Никола Олислагерс (Аустралия – 1,94
  4. Наджеда Дубовицкая (Қазақстан) – 1,91.

Басқа жаңалықтар

Back to top button